Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында таудан құлаған ер адам бір аптадан бері табылмай жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Сайрам шыңы
Сайрам шыңы. Фото: facebook/sugnpp.kz

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристің денесі әлі табылмай жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Құтқарушылар шыңнан түсу кезінде таудан құлап түскен туристті іздеу жұмыстарының видеосымен бөлісті.

Құтқару-іздестіру жұмыстары үздіксіз жаңбыр, бұршақ араласқан қар түріндегі ауа-райының қолайсыздығымен қиындады.

Айта кету керек, жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады, бұл қар аралас жауын-шашынның салдарынан құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатады.

Еске салайық, 3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шықты. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлады.

5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028108-turkistan-oblysynda-taudan-qulagan-er-adam-bir-aptadan-beri-tabylmai-zatyr-video/