Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті

Опубликовано:

Өртенген көлік
Өртенген көлік. Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

Ақтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Салдарынан жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолында болды.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған ВМW автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді.

Салдарынан DAF XF 95 430 автокөлігіне соққан. Оның рульінде 44 жастағы алматылық болды.

"BMW автокөлігі өртеніп кетті. Осы автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028112-aqtobe-oblysynda-eki-kolik-soqtygysyp-bireui-orternip-ketti/

pixel