Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы тас жолда екі көлік апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Опубликовано:

Ақтөбе облысында жол апаты болды
Ақтөбе облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Бүгін күндіз Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе – Орынбор" тас жолында ВАЗ автокөліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ жаңалықтарының Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, оқиға 11 шілде, сейсенбі күні сағат 12:30-да Ақтөбе – Орынбор автожолының 20 шақырымында болған. Яғни тас жолда ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.

"Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді", – делінген полицияның хабарламасында.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жол апатынан кейін Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028267-aqtobe-oblysyndagy-tas-zolda-eki-kolik-apatqa-usyrady-qaza-tapqandar-bar/

pixel