Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өрт сөндірушілер бір сәтте үш үйдің шатырын шарпыған өртті сөндірді

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруде
Оқиға орнынан фото: Алматы ТЖД

Алматылық өрт сөндірушілер үш үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіріп, екі адамды құтқарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 12 шілде күні сағат 17:05-те ТЖД күштер және құралдары шақырту бойынша Медеу ауданына қарасты Латиф Хамиди көшесіндегі мекенжайға жіберілген.

Жеті минут ішінде аталған мекенжайға жеткен құтқарушылар үш үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары үйлерде адамдардың бар-жоғын тексеріп, 101 диспетчерлері өрт сөндірушілерге жақын маңдағы сумен жабдықтау көздері бойынша жедел бағыт берген.

Сондай-ақ нысандар электр қуатынан ажыратылып, оқиға орны қоршалған.

"Үйлер тез жанатын материалдардан жасалғанына қарамастан, қабылданған жедел шаралардың арқасында 280 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 17-34-те өрт оқшауланып, 17:48-де жойылды. Абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ", – делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеген.

Өрт сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары 33 адам мен 9 техника тартылған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі нақтылануда.

Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жеке тұрғын үйдегі өрттің алдын алу үшін электр сымдарын қауіпсіз күйге келтіріп, олардың жарамдылығын тексеріп тұруды, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсіруге болмайтынын еске салды.

Бұдан бөлек мамандар Алматы қаласында өрт шығу қаупі сақталатынын да еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028409-almatyda-ort-sondirusiler-bir-satte-us-uidin-satyryn-sarpygan-ortti-sondirdi/

pixel