Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысты

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Атырау облысы ПД / mgorod.kz

11 шілдеде Атыраудағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Полицияның дерегінше, автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған, деп хабарлайды "Мой город".

Басылымның ақпаратынша, жол апаты кеше, 11 шілдеде сағат 14.00 шамасында болған.

Атырау полициясының мәліметінше, Рауан көшесіндегі темір жол өткелінде пойыз бен №2 жолаушылар автобусы соқтығысып қалды.

Жол апаты
Фото: Атырау облысы ПД / mgorod.kz

"Соңғысының жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден өткен", - делінген хабарламада.

Автобус жолаушылары қанағаттанарлық жағдайда. Патрульдер құжаттар жинап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028416-atyrauda-zuk-poiyzy-men-zolausylar-koligi-soqtygysty/

pixel