Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 4-қабаттың терезесінен құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Терезеде тұрған бала
Терезеде тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін Көкшетауда бір жарым жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгін сағат 11:07-де Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне облыстық көпбейінді балалар ауруханасының медбикесінен ауруханаға бір жарым жасар баланың жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Төртінші қабаттан құлаған нәресте ауыр жарақаттар алған: жабық бас сүйек-ми жарақаты және миы шайқалған.

Баланың ата-анасының айтуынша, сәби бөлмеде жалғыз болған, диванға көтеріліп, содан кейін терезеге шыққан.

"Ол кезде терезеде кішкентай баланың салмағын көтермейтін тор ғана болған. Сәби 4-қабаттың терезесінен көгалға құлап кеткен. Ол кезде анасы ас үйде ыдыс-аяқ жуып жатқан. Әкесі залда ұйықтап жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың айғайын естіген олар сыртқа шығып, ұлды алып, оны өздері көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізген", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер баланың жағдайы ауыр екенін, комада жатқанын жеткізді.

"Бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, қазір бақылауда. Алдын ала бас миының ауыр жарақаты, бас сүйегінің сынуы диагнозы қойылды", - деп хабардар етті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028575-koksetauda-4-qabattyn-terezesinen-qulagan-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel