Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында кәріз құдығын жөндеп жатқан екі жұмысшы қаза болды

Опубликовано:

құдық
Құдық. Көрнекі фото: facebook.com/zhyloisu

Атырау облысы Жылыой ауданында кәріз құдығын жөндеу жұмыстары кезінде "Жылыой су" мекемесінің екі жұмысшысы көз жұмды. Қайғылы хабар туралы "Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Facebook парақшасында жазды.

"Жылыой су" мекемесінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 13 шілдеде таңғы уақытта Жаңа Қаратон кенті аумағында болған.

Белгілі болғандай, кәріз құдығын жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы тереңдігі 7-8 метрлік құдыққа құлап кетіп, қаза болған.

Жылыой аудандық ТЖБ басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша жұмысқа негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған. Ал қайғылы оқиғаны кент тұрғыны хабарлаған.

"Жылыой Су" мекемесінің мәліметінше, осы оқиғаны тергеу бойынша Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арнайы комиссия құрған.

Сондай-ақ мекеме қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсететінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028589-atyrau-oblysynda-kariz-qudygyn-zondep-zatqan-eki-zumyssy-qaza-boldy/

pixel