jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз ауылдасының үйінен өлі күйінде табылды

    қыз бала
    Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны 13 шілде күні қызының жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған. Бүлдіршін ауылдасының үйінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға туралы НемолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    "13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы (Черняевка) ауылында 2018 жылы туған қызды айуандықпен өлтіріп, зорлап кеткен. Иманды болсын...

    Күдікті бұрын сотталған, сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша пробациялық бақылауда", - деп жазады қоғам белсендісі.

    Жантүршігерлік жайтқа қатысты Түркістан облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.

    Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.

    Сондай-ақ полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің қамауға алынғанын мәлім етті. Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барған. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

    Түркістан облысында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз ауылдасының үйінен өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.