Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрттің Ресей аумағына өту қаупі бар": "Ертіс орманындағы" өртті 200 адам сөндіруде (видео)

Опубликовано:

"Ертіс орманындағы" өрт
"Ертіс орманындағы" өрт. Фото: instagram.com/ertisormany_2003

Павлодар облысында кеше, 15 шілдеде "Ертіс орманы" дала орманшылығында өрт шықты. Қызыл жалынның Ресей аумағына өту қаупі бар, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 шілде сағат 14:30-да Шарбақты ауданында "Ертіс орманы" МОТР ММ аумағында (бұл дала орманшылығы) орман өрт шыққан.

ТЖД мен орман шаруашылығы қызметкерлері өртті жедел сөндіруге кірісті.

"Ресей Федерациясына өрттің өту қаупі бар. Өрттің болжамды ауданы 400 га. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндірушілердің жұмысын ыстық, құрғақ ауа-райы және қатты жел қиындатуда", - делінген хабарламада.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асаин Байханов пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы өрт орнына ұшып кеткен.

Кейінірек, орман өртін сөндіруге жеке құрамның 200-ге жуық адамы және 50-ден астам техника жұмылдырылғаны белгілі болды.

Жағдайды бағалау және өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқарудың, Қорғаныс министрлігі мен Қазавиаорман шаруашылығының 4 тікұшағы жұмылдырылды.

Өрт орнында командалық-штабтық машина жұмыс істеуде. Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен облыстық ТЖД жедел штабтары жұмыс істеуде.

Өрттің болжамды ауданы 800 га. Елді мекендерге қауіп жоқ.

"Орман өртін сөндіруге қосымша Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары 150-ге жуық адам және 30-дан астам техника құрамында жіберілді.

Өрт орнында жағдайды бағалау және бақылау үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов пен облыс әкімі Асаин Байханов және ТЖД басшылығы бар. Жедел кеңес өткізілді. Өртті сөндіру қатты желдің салдарынан өрттің тез таралуымен қиындауда", - деп хабарлады министрліктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028811-orttin-resei-aumagyna-otu-qaupi-bar-ertis-ormanyndagy-ortti-200-adam-sondirude-video/

pixel