Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ер адам көшеге шығып оқ атып, өтіп бара жатқан адамды жаралады

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: polisia.kz

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында мас күйде көшеге шығып оқ атып, өтіп бара жатқан адамды жаралаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Ақпараттық порталдың жазуынша, түнгі сағат 02:00 шамасында полицияның "102" пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы жіберілген.

"Полиция қызметкерлері Мақсат Дастан мен Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірлерін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды", - деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, мас күйдегі ер адам әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Салдарынан жәбірленуші иығынан жарақат алған.

Сондай-ақ басылым бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029439-aqtobe-oblysynda-er-adam-kosege-sygyp-oq-atyp-otip-bara-zatqan-adamdy-zaralady/

pixel