Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дауыл салдарынан ағаштар құлады (фото, видео)

Опубликовано:

Автокөлікті ағаш басып қалды
Автокөлікті ағаш басып қалды. Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда дауыл салдарынан ағаштар құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағаштардың құлғаны туралы тұрғындардан алты хабарлама келіп түскен.

"21 шілдеде 16:00 жағдай бойынша "112" желісіне желдің күшеюіне байланысты (екпіні 15 м/с) тұрғындардан ағаштардың құлағаны туралы алты хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі, әкімдіктердің, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері жіберілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тұрғындар желіде ағаштардың құлауы салдарынан бүлінген көліктердің видеосын бөлісуде.

Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылында "ГАЗель" көлігіне ағаш құлап, салдарынан жолда кептеліс пайда болған.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029639-almatyda-dauyl-saldarynan-agastar-qulady-fotov-video/

pixel