Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қосалқы стансада өрт шығып, тұрғындар жарықсыз қалды (видео)

Опубликовано:

подстансадағы өрт
Подстансадағы өрт. Видеодан кадр: instagram.com/denski_blog

Қарағандыда "Қарағанды Жарық" ЖШС қосалқы стансасында өрт шығып, қала орталығындағы тұрғындар жарықсыз қалды. Қазіргі таңда өрт сөндіріліп, мамандар электр қуатын қосу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, Қарағанды қаласындағы Сәтбаев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін сағат 13:15-те келіп түскен.

Белгілі болғандай, "Қарағанды Жарық" ЖШС аумағындағы №4 трансформаторда трансформатор майы жанған. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құраған. 14:24-те ТЖД күштері өртті толық сөндірген.

ТЖД өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ екенін атап өтті.

Дегенмен подстансадағы өрт салдарынан қала орталығында жарық сөніп қалған.

Қала басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында қазіргі таңда мамандар электр қуатын қосу жұмыстарымен айналысып жатқанын, жарық шамамен екі сағаттың ішінде берілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029732-qaragandyda-podstansada-ort-sygyp-turgyndar-zaryqsyz-qaldy/

pixel