Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да аюға тамақ бермек болған ер адам бір қолынан айырылды

Опубликовано:

Аю
Көрнекі фото: pixabay.com

СҚО тұрғыны аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды. Оқыс оқиға облыстағы демалыс аймағының біріндегі хайуанаттар бағында болған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның сол қолын сақтап қала алмаған.

Қазір аталған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 43 жастағы хайуанаттар бағының қызметкері тек 1,5 ай бұрын сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданыпты.

"Аталған факт Қылмыстық Кодекстің 1569-бабының 52-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге анықталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесстік шешім қабылданатын болады", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029889-sqo-da-ayuga-tamaq-bermek-bolgan-er-adam-bir-qolynan-aiyryldy/

pixel