Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төрт жасар ер баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалды

Опубликовано:

Ет турағыш
Ет турағыш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте төрт жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалды. Бұл туралы аймақтағы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

22 шілде күні құтқару қызметіне Тұран шағын ауданы Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-құтқару жасағының құрамында 4 адамы бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетіп, 4 жасар ер баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғанын, қолын шығара алмай жатқанын анықтады.

Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты.

Медициналық көмек қажет болғандықтан, ер бала оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029890-symkentte-tort-zasar-er-balanyn-qoly-et-tartqysqa-qysylyp-qaldy/

pixel