Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 2 жасар қыз бала даладағы дәретханаға құлап, мерт болды

Жарияланған күні:

Кішкентай қыз
Бүлдіршін. Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда кәмелет жасқа толмаған қыз баланың денесі үйдің ауласындағы дәретханадан табылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында болды. Аулада орналасқан дәретханадан кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың денесі табылды.

Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлап түскен.

Ведомствоның мәліметінше, ойнап жүрген балалар дәретханаға құлап кеткен қызды көріп, дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, қыз бала көз жұмған. Қайғылы оқиғадан бұрын қыз бала қараусыз қалғаны анықталған.

"Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030046-oralda-2-zasar-qyz-bala-daladagy-daretxanaga-qulap-mert-boldy/