Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы ірі жол апатында 5 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Алматы облысындағы жол апаты
Алматы облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

26 шілдеде Алматы облысында екі Toyota көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде шамамен сағат 11:00-де "Алматы-Астана" тасжолының 225 километрінде болған.

Анықталғандай, Toyota Corolla маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған (оның ішінде біреуі бала) жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ жол апатынан төрт зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген, оның ішінде кәмелетке толмаған бала бар.

Облыстық полиция департаменті ақпаратынша, бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша Жамбыл аудандық ПБ-да тіркелген.

Полиция қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030293-almaty-oblysyndagy-iri-zol-apatynda-5-adam-qaza-tapty-video/

pixel