Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жылқы бағып жүрген ер адамға найзағай түсті

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысында 27 жастағы ер адамға найзағай түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Жітіқара ауданы Чайковский ауылында тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жылқы бағып жүрген. 19 шілдеде марқұм мал жайып жүріп туыстарымен байланысы үзілген.

"Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде жазық далада оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі көрінбеді. Оның жанында жеке заттары мен ұялы телефоны болған", - делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптамалар жүргізіліп, ер адамның өліміне басына ұрған найзағай себеп болғаны анықталды.

Сондай-ақ қайғылы оқиға орнында малшы мінген жылқының өлексесі табылды.

Найзағай кезінде не істеу керек

ТЖД қызметкерлері найзағай болған кезде мынадай кеңес береді:

  • ауылдық жерлерде найзағай болған жағдайда мұржалар мен желдеткіштерді, сондай-ақ терезелер мен есіктерді жабу қажет;
  • найзағай бағаналар арасында тартылған сымдарға жиі тиетінін есте сақтаған жөн. Сондықтан найзағай кезінде телефонмен сөйлеспеген дұрыс;
  • терезеге, электр сымдарына, жайтартқыштарға, шатырдағы суағарлар мен антенналарға жақындамаған абзал;
  • мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа да тұрмыстық электр құралдарын өшіру қажет;
  • орманды жерде күн күркірегенде төмен орналасқан учаскеге, атап айтқанда, сайға түсу керек;
  • ұзын ағаштардың, әсіресе қарағай, емен, теректердің жанында найзағайдан тығылуға болмайды;
  • найзағай кезінде суда немесе судың жағасында тұрмаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030324-qostanai-oblysynda-zylqy-bagyp-zurgen-er-adamga-naizagai-tusti/

pixel