Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегі тоқтап қалған: Астанада жүргізушісі есін жоғалтқан автобус жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері
Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері. Кадрдан үзінді: Instagram / @astana_sergek

Бүгін Астанада автобус жол апатына ұшырады. Автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Кейін ол қайтыс болды. Оқиғаға қатысты CTS компаниясы түсініктеме берді.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Astana_sergek Instagram парақшасында жарияланды. Видеоға маршруттық автобустың жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткені түсіп қалған. Қоғамдық көліктің алдыңғы бөлігі зақымданған.

Видеода оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жерде жатқан адамға көмектесіп жатқанын көруге болады.

CTS компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Компанияның мәліметінше, оқиға 27 шілде күні таңғы сағат 10:20 Бөгенбай батыр даңғылында, "Бейбітшілік" аялдамасы маңында болған.

"Маршрут бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, есін жимай көз жұмды", - делінген компанияның түсініктемесінде.

CTS пайымдауынша, марқұмның өлімінің алдын ала себебі - жүрек тоқтауы.

Компания ақпаратынша, ер адам 15 жыл қоғамдық көлікте жұмыс істеп келген. Қайғылы оқиға болған күні оның демалыстан кейін жұмысқа шыққанына екінші күн болған. Таңертең, шамамен таңғы сағат 6:00 CTS компаниясында жүргізуші сапар алдындағы медициналық тексеруден өткені және оған жұмысқа шығуға рұқсат етілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ компания жол апаты кезінде басқа ешкім зардап шекпегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030332-astanada-zurgizusisi-esin-zogaltqan-avtobus-zol-apatyna-usyrady/

pixel