Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы тас жолда болған жол апатында сәби көз жұмды

Опубликовано:

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Жамбыл облысындағы тас жолдың бірінде Mitsubishi мен "Газель" соқтығысқан. Жол апатының салдарынан екі айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

27 шілде күні шамамен сағат 07:40 республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының 185-ші шақырымында Қордай асуына көтеріліп жатқан кезде жол апаты болды.

Полицейлер ақпаратынша, Mitsubishi ASX автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала мәліметке сәйкес, Алматы қаласы бағытында келе жатып, рөлде ұйықтап қалған. Көлік Түркістан облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен сол бағытта келе жатқан "Газель" көлігінің артқы жағына соғылған.

"Жол апаты салдарынан Mitsubishi ASX көлігінің екі айлық жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы Қордай ауылындағы орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды", – делінген хабарламада.

Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерді көліктерінің техникалық жай-күйін ғана емес, өзінің әл-ауқатына қарауға, шаршаған күйде көлік жүргізбеуге, жол қозғалысы ережесінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Алыс сапарға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға, ең алдымен жолға шықпас бұрын демалуды ұсынамыз.

Есіңізде болсын, жол қауіпсіздігі оның әрбір қатысушысына байланысты", – деп ескертті тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030352-zambyl-oblysyndagy-tas-zolda-bolgan-zol-apatynda-sabi-koz-zumdy/

pixel