Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы автобус апаты: ауыр жарақат алған қазақстандық турист көз жұмды

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Түркияда жол апатына түскен шағын автобустағы қазақстандық жолаушылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Аланиядағы жол апатында зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды.

Қайтыс болған Қазақстан азаматының ұлы бүгін Анталияға келді, қазіргі таңда дипломаттардың қасында. Оған барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған.

Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.

Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030716-turkiyadagy-avtobus-apaty-auyr-zaraqat-algan-qazaqstandyq-turist-koz-zumdy/

pixel