Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрт сөндірілді (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: t.me/qr_tjm

Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында 16 қабатты үйлердің бірінде шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Сағат 18:46-да өрт оқшауланды және сөндірілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттің себебі 1 және 16 қабаттағы электр кабельдерінің жануы болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында 16 қабатты үйлердің бірі өртенгені туралы жазған едік.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері келіп жеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қатысты мәлімет жариялап, алдын ала мәлімет бойынша 250 адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030889-almatydagy-kopqabatty-uilerdin-birinde-syqqan-ort-sondirildi/

pixel