Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен қанша адам зардап шеккенін мәлім етті

Жарияланған күні:

Өрт болған тұрғын үй
Оқиға орнынан кадр: t.me/qr_tjm

Алматыдағы Ақкент шағын ауданында шыққан өрттің куәгерлері жалыннан қашқан пәтер тұрғындарын өрт сөндіру бөлімдері жеткенше өз бетінше құтқаруға тырысты. Жоғары қабаттан секіргендер арасында бала да болған. Оны куәгерлер құтқарып үлгерді. Бұл жайт өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін болған. Ал өртте зардап шеккен 30 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің соңғы нақтыланған мәліметі бойынша, үй тұрғындары өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін баланы жоғары қабаттан тастаған, оны төменнен куәгерлер қағып алып, құтқарған.

Ведомтсво өкілінің ұсынған ақпаратына сәйкес, Ақкент шағын ауданында орналасқан тұрғын үйге өрт сөндіру бөлімдері шақырту түскеннен кейін 6 минутта келіп жеткен.

"1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша Алатау ауданы Ақкент шағын ауданы, 54 үйге жіберілді. Райымбек даңғылында көлік кептелісі болғанына және тұрғын үй ауласына кіреберістегі тұрақта тұрған көліктермен шектелгеніне қарамастан, алғашқы өрт есебі 6 минутта оқиға орнында болды.

Келген сәтте 16 қабатты үйдің лифті шахтасында электр кабелі 80 шаршы метр алаңда ашық жалынмен жанып жатқанын анықттады. Өрт салдарынан жоғарғы қабаттарда және эвакуация жолдарында қалың түтін мен жоғары температура тұрғындардың денсаулығына қауіп төнді.

Дереу оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылды, 70 адам құтқарылып, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар - арнайы техниканың көмегімен 300 адам эвакуацияланды.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін үй тұрғындары жоғарғы қабаттан баланы тастап, куәгерлер оны құтқарып үлгерген", - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның алдын ала ақпараты бойынша 30 адам медициналық көмекке жүгінген.

"Дәрігерлердің қарауынан кейін одан әрі ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданады", - дейді оқиғадан хардап шеккендер туралы қалалық ТЖД өкілдері.

Еске сала кетейік, сағат 18:46 да өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД 50 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Айта кету қажет, өртті сөндіру техникасынның жүру жолында қойылған жеке авто көліктермен өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖ департаменті шұғыл қызметтердің жол жүруіне кедергі жасамауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030894-tzd-almatydagy-kopqabatty-turgyn-uide-bolgan-ortten-qansa-adam-zardap-sekkenin-malim-etti/