jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыдағы өрт: 4 науқас қалалық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр

    Алматыдағы өрт
    Алматыдағы өрт болған тұрғын үй. Фото: Telegram/ҚР ТЖМ

    Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

    Министрліктің ұсынған мәліметінше, Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде.

    "Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты", - делінген хабарламада. 

    Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілген.

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы (№2 БҚКА), Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы (БШМКО), № 7 Қалалық клиникалық аурухана (№7 ҚКА), Жедел медициналық көмек ауруханасы (ЖМКА), Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКА), №4 қалалық клиникалық аурухана (№4 ҚКА).

    "Қазіргі уақытта балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 4 науқас бар", - делінген ведомство хабарламасында.

    Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.