Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы ірі сауда орталығына "жарылғыш зат қойылғаны" туралы ақпарат түсті

Опубликовано:

Aport Mall сауда орталығы
Aport Mall сауда орталығы. Видеодан кадр: Telegram/atannyn_basy

Бүгін Алматы облысындағы Aport Mall сауда орталығына "жарылғаш зат қойылғаны" туралы ақпарат келіп түсті. Полицейлер сауда орталығының аумағын қоршауға алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамыз күні сағат 14:50-де кезекші бөлімге Қарасай ауданында орналасқан Aport Mall сауда орталығында жарылыс қаупі бар деген ақпарат келіп түскен.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сауда орталығының аумағын қоршауға алып, аумақтан шығып жатқан көліктерді тексеруде.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта саперлар ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп қарау бойынша арнайы операция жүргізуде. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - дейді Алматы облысының ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Желіде куәгер түсірген видео да пайда болды.

Осы жағдайға қатысты Aport Mall сауда орталығының өкілдері де пікір білдірді.

"Ақпаратты растамаймыз. Көліктерді тексеру жұмысы жүрді. Сауда орталығы әдеттегідей жұмыс істеп тұр", - дейді Aport Mall сауда орталығы маркетинг және сату бөлімі басшысының орынбасары Дариға Нұрашева.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған тұлғаға 5 мың АЕК-ке дейін (17 миллион теңге) айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына жіберу арқылы жазаланады. Сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031032-almaty-oblysyndagy-iri-sauda-ortalygyna-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-aqparat-tusti/

pixel