Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жүк көтергіш жұмысшының аяғын басып өткен: қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында ер адам өндірістік жарақат алып, полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша қылмыстық істі тергеуін бастады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, биылғы жылы 31 шілде күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергіліктігі медициналық мекемеден хабар келіп түскен.

Хабарда ауруханаға ауыр халде келген 42 жастағы ер адам жеткізілгені туралы айтылған.

Агенттік мәліметінше, ер адамға "оң жақтағы үлкен ортаңғы жіліншіктің үштен бір бөлігінің ашық сынуы, оң жақ тобықтың жыртылуы" диагнозы қойылған.

"Белгілі болғандай, ер адам Краснояр ауылының тұрғыны және жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдаушы (прессовщик) болып жұмыс істеген. Сол күні сағат 16:40 шамасында Краснояр ауылындағы металл базасында жұмыс үстінде жүк көтергіш (жұмысшының - ред.) аяғын басып өткен. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ агенттік ақпаратынша, жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында еңбекті қорғау ережесін бұзу бойынша 20 қылмыстық іс тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031050-aqmola-oblysynda-zuk-kotergis-zumyssynyn-ayagyn-basyp-otken-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel