Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда диірмен кешеніне найзағай түсіп, екі астық қоймасы құлады

Опубликовано:

диірмен кешені
Қостанайдағы диірмен кешені. Фото: ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресми сайты

Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті. Оқиға 1 тамыз күні кешкі уақытта болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, 1 тамыз сағат 21.50 шамасында "Компания САЛАМАТ" ЖШС диірмен кешенінің аумағында екі астық қоймасы құлаған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, құрылыстарға найзағай түскен.

"Бұл жағдай апат ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Комитет бұл жайтқа қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департаментпен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын атап өткен. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031111-qostanaida-diirmen-kesenine-naizagai-tusip-eki-astyq-qoimasy-qulady/

pixel