Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 жасар бала қайтыс болды": Ақтөбе облысында жасөспірім көлікке мініп, үш адамды қағып кеткен

Опубликовано:

Автокөліктің іші
Көлік Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған бала адам өліміне әкеліп соққан жол апатын жасады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

"Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031137-3-zasar-bala-qaitys-boldy-aqtobe-oblysynda-zasospirim-kolikke-minip-us-adamdy-qagyp-ketken/

pixel