Жамбыл облысында құрғақ шөп өртінің аумағы тағы 100 гектарға ұлғайған
Жарияланған күні:
Өрт сөндірушілер Жамбыл облысы Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жердегі таулы аумақта 300 гектар құрғақ шөп өртін сөндіруде. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ атап айтқанда, Аспара-Меркі орман шаруашылығындағы 3-4 орамдар аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде.
"Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды. Күрделі жол бедері, қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда", - делінген ТЖМ хабарламасында
ТЖМ өкілдері елді мекендерге қауіп мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2-тамызда тұтанған ірі табиғи өрт Жамбыл облысында Аспара-Меркі орман шаруашылығындағы 200 гектар аумақты шарпығаны белгілі болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031246-zambyl-oblysynda-qurgaq-sop-ortinin-aumagy-tagy-100-gektarga-ulgaigan/