Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда орман шаруашылығындағы өртті тікұшақ, екі ұшақ және 160-тан астам адам сөндіруде (видео)

Опубликовано:

Аспара-Меркі орман шаруашылығындағы өрт
Аспара-Меркі орман шаруашылығындағы өрт. Кадрдан үзінді: t.me/qr_tjm

Жамбыл облысында Аспара-Меркі орман шаруашылығында ірі табиғи өрт шықты - 200 гектарға жуық құрғақ шөп жанып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 2 тамыз күні сағат 14.30-да Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында таулы аумақта алдын ала болжам бойынша 200 гектар алаңында қураған шөп жанған.

Ведомство мәліметінше, "Қазавиаорманкүзетінің" су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілген.

Өрт ошақтарына әуеден 16,5 тонна су төгілген. Оған қоса ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ ведомство ақпаратынша, өртті сөндіруге "Қазорманавиакүзетінің", жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 техника, 2 ұшақ және 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031148-zambylda-orman-saruasylygyndagy-ortti-tikusaq-eki-usaq-zane-160-tan-astam-adam-sondirude-video/

pixel