Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Семей орманы" табиғи резерватында тағы өрт шықты

Опубликовано:

ТЖМ қызметкері
ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

Бүгін күндіз құтқарушыларға Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тікұшақтар жіберілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Өртті жедел жоюға жәрдемдесу мақсатында Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілген.

Ведомство мәліметінше, әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылған.

Қазір ТЖМ және орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адамды және 25 бірлік техниканы құрайды.

Өрт орнына Астана қаласы мен Қарағанды облысынан қосымша күштер мен құралдар жіберіледі.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінде өрт қаупі бар кезеңде өте мұқият болуға шақырды.

"Өрт көздерінен абай болыңыздар!", - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абай облысындағы өрт

Абай облысындағы орман өрті 8 маусымда "Семей орманы" табиғи резерватына қарасты Батпаев орман шаруашылығының аумағында тұтанған болатын.

Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған. Кейін өрт күшейіп, басқа да учаскелерге ойысқан.

Сол уақытқа дейін өрт шамамен 60 мың гектар аумақты шарпыған. Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты.

Өрттен адамдардың көз жұмуына байланысты Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған еді.

Айта кетейік, 14 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрт оқшауланғанын хабарлаған еді.

Министрлік өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су себу, сондай-ақ өрттің жиегіне топырақ себу жұмыстары жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ 15 маусым күні сенат отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өрт қашан толықтай сөндірілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031336-semei-ormany-tabigi-rezervatynda-tagy-ort-syqty/

pixel