Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мылтықпен атқан": Алматы облысындағы жаппай төбелестен жасөспірім көз жұмған

Опубликовано:

Қолы кісенделген ер адам
Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше Алматы облысындағы елдімекенде үйлердің бірінің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің денесі табылған. Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-дағы арнасында.

Ведомство дерегінше, 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлық-зомбылық белгілерімен 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

"Жасөспірімді мылтықпен атып, ол жарақаттан қаза болғаны анықталды. Мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-на қамалды, бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

ІІМ мәліметінше, түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды.

Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

"Басқа қатысушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұзақылық" - деп нақтылады Әленов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031425-myltyqpen-oq-atqan-almaty-oblysyndagy-zappai-tobelesten-zasospirim-koz-zumgan/

pixel