Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жол жиегінен қоларбада жатқан сәби мен екі адамның денесі табылды

Опубликовано:

Балаларға арналған арба
Балаларға арналған арба. Көрнекі фото: pixabay.com

СҚО полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы тапты. Бұл туралы IIM-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Медиа-порталдың мәліметінше, 5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін анықтады. Сондай-ақ оқиға орнынан алыс емес жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп жазады басылым.

Белгілі болғандай 2022 жылы туған бала жарақаттар алмаған. Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталған.

"Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты", - деп жазылған медиа-порталда.

Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" және 119-бабының 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031461-sqo-da-zol-zieginen-qolarbada-zatqan-sabi-men-eki-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel