Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста екі адам қаза тапқан атысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Опубликовано:

Калашников автоматын ұстап тұрған адам
Калашников автоматын ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: janiecbros / Getty Images

Өткен демалыс күндері Арыс қаласында атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Almaty.tv арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, куәгерлер оқ атқандардың әскери киім кигенін алға тартқан.

Қайғылы оқиға Байтұрсынов көшесі бойында салынып жатқан жеке үйдің аумағында болған. Үй иесі көз жұмды - ол Алматыдан келіп, сол жерде құрылыс жұмыстарын бастаған болатын.

Телеарна мәліметінше, сол қайғылы оқиға күні кешке қарай марқұмға екі сыныптасы мен тағы бір танысы қонаққа келген. Сол кезде екі белгісіз ер адам аулаға басып кіріп, оларға оқ жаудырған - куәгерлер оқ атқан адам екеу болғанын айтады.

"Олар: "Тоқтаңдар. Атамыз. Қақпаның сыртына қарай артқа шегініңдер." деді. Біз дереу шегіндік. Біраз уақыттан кейін қайтып келсек, екі жігіт мотоциклге мініп кетіп қалған. Олар әскери киім киген. Біз ештеңе көрген жоқпыз, жүздерін де көрмедік. Олар аласа бойлы болды, қолдарында Калашников автоматы болған", - деді куәгер.

Телеарна ақпаратынша, үйдің 37 жастағы иесі мен оның 23 жастағы танысы оқиға орнында көз жұмды. Біріншісінің артында бес баласы қалса, екіншісі жақында ғана алғаш рет әке атанды.

Марқұмның жараланған екі сыныптасы қазір ауруханада жатыр - олардың бірі полицей. Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар ауруханадан шығуға дайындалуда.

Қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру басқармасының аға жедел уәкілі Ермек Сәрсенбаев әзірге күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде деді.

Еске сала кетейік, 5 тамызда Түркістан облысындағы қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031606-arysta-eki-adam-qaza-tapqan-atysqa-qatysty-zana-malimetter-belgili-boldy/

pixel