Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада футбол қақпасы баланың үстіне құлады: оқыс оқиғадан соң елдегі барлық мектеп тексеріледі

Опубликовано:

Футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі үкімет кулуарында Астанада болған қайғылы оқиғадан кейін барлық мектеп тексерілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін үкімет кулуарында қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Кешеден бері Білім басқармасына Астанадағы ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі мектептердің спорт алаңын тексеру тапсырылды", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы №10 мектеп аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткені белгілі болды. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Елімізде бұған дейін де ұқсас жағдайлар болған еді.

Ақтауда үстіне темір футбол қақпасы құлаған жасөспірім ауруханада көз жұмғаны туралы жазған едік. Ол ауруханаға мамыр айының соңында түскен болатын.

16 жастағы жасөспірім ауруханаға 20 мамырда жеткізілген еді. Анықталғандай ойын барысында оның үстіне темір футбол қақпасы құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншекке бас-сүйек миы зақымы және ми шайқалу диагнозы қойылған. Тексерістен кейін дәрігерлер оған ем қажет екенін айтып, жасөспірім ауруханаға жатқызылған.

Алайда 24 мамыр баланың анасы оның жағдайы жақсы екенін, ал дәрігерлерге ешқандай шағым жоқ екені туралы қолхат жазып беріп, ауруханадан алып кеткен.

Жасөспірім жеті күн бойы үйде ата-анасының бақылауында болған.

"31 мамырда бала есін жоғалтып, денесі құрысып бастаған. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Мидың компьютерлік томографиясынан кейін дәрігерлер одан инсульт белгілерін байқады. Ол қазір жансақтау бөлімінде комада жатыр. Протокол бойынша ем қабылдауда. Баланың жағдайы өте ауыр", - деп хабардар еткен болатын ауруханадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031655-astanada-futbol-qaqpasy-balanyn-ustine-qulady-oqys-oqigadan-son-eldegi-barlyq-mektep-tekseriledi/

pixel