Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастаған: баланың бетіне күрделі ота жасалды

Опубликовано:

Ит
Ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Қаратау қаласында дәрігерлер ит талап тастаған 7 жастағы балаға күрделі ота жасап, өміріне араша түсті. Ота көп қан жоғалтқан баланың бетіне жасалған. Нәтижесінде қан айналымы жүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Оқиға Қаратау қаласында болған. 7 жасар ұл баланы ит талап, бет-аузын, екі аяғын қатты жарақаттаған. Бала ауруханаға ес-түзсіз күйде жеткізілген.

"Есін жоғалтқан күйде ауруханаға шұғыл жеткізілген баладан оң жақ бет аймағының ауқымды тістелген және екі аяғының көптеген ашық жарасы анықталып,  көп қан кеткендігі белгілі болған. Уақыт күттірмей, аудандық аурухананың бас дәрігерінің емдеу-алдын алу ісі бойынша орынбасары Отыншиев Муратқали Абзелбекұлы бастаған дәрігерлер тобы шұғыл түрде ота жасауға кірісіп, ашылып кеткен еттің бетін  тігуге кіріседі", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Отадан басқа, науқасқа құтыруға қарсы вакцина егіліп, антибиотикалық ем қолға алынған. Ұзақ, әрі күрделі жасалған хирургиялық араласудан соң, ашылған терінің беті тігіліп, балада қан айналымы жүре бастады. Ота сәтті өтті", - дейді ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен  хирургия бөліміне ауыстырылған. Жағдайы бірқалыпты жақсарып келеді. Хирургия бөлімінде әрі қарай тиісті ем-домын қабылдауда. Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары жұмыс жасауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031691-zambyl-oblysynda-7-zasar-balany-it-talap-tastagan-balanyn-betine-kurdeli-ota-zasaldy/

pixel