Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі кішкентай бала белгісіз жағдайда көз жұмған

Жарияланған күні:

Читать на русском
кішкентай бала
Бала. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте кішкентай ұл мен қыз бала қайғылы жағдайда көз жұмды. Оқиғалар 5 және 7 тамызда болған. Бұл туралы қалалық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші оқыс оқиға туралы ақпарат Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыстық жағдайлар басқармасына 5 тамыз күні сағат 13.15-те "103" қызметінен түскен

Геологтар саяжайындағы суару каналынан 2021 жылы туған баланың денесін туысы тауып алып, судан шығарғаны белгілі болды.

Бала белгісіз жағдайда суға құлап, батып кеткен. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері сәби ата-анасының қарауынсыз қалғанын атап өткенін жеткізген. Арнаның тереңдігі - 50 см, ені - 1,5 м.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖД

Екінші қайғылы оқиға туралы ақпарат та 7 тамыз күні сағат 15.20-да "103" қызметінен де келіп түскен. Абай ауданына қарасты Алматы тас жолының бойында қаладағы суландыру жүйесінен белгісіз жағдайда науаға құлап, мерт болған 2022 жылы туған қыздың денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.

"Бұл бала да ата-анасының қарауынсыз қалған. Суару жүйесінің тереңдігі - 40 см, ені - 1 метр", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған дерекке сай, жыл басынан бері қалада жеке тұрғын үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда орын алған 7 жазатайым оқиға тіркелген. Барлық жағдайда балалар ата-анасының қарауынсыз болған.

"Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі көп жағдайда тек сіздерге байланысты. Балалар өлімінің алдын алу мақсатында табиғи және жасанды су қоймаларда өзін-өзі ұстау ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуіңізді сұраймыз. Осылайша балалардың өміріне қауіп төндіретін судағы апаттардың алдын алуға болады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, қырағы болыңыз!", - деген үндеу жолдады құтқарушылар ата-аналарға.

Еске салайық, 24 шілде күні кешкісін Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа батып, мерт болған. Полицейлер өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындағанын мәлім еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031696-symkentte-eki-kiskentai-bala-belgisiz-zagdaida-koz-zumgan/