Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адамның денесі мен бесік арбадағы нәресте: оларды қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

5 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданында екі ауыл арасында еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғынының денесі мен бесік арбада жатқан кішкентай нәресте табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, нәресте дереу жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. 2022 жылы туған бала жарақаттар алмағаны белгілі болды. Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында.

Сонымен қатар полиция жедел іздестіру іс-шарасы барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігін анықтаған.

Полиция мәліметінше, Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны, көлік иесі ұсталған. Жауап алу барысында ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтқан.

"Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екенін көрсетті. Аталған факті қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі яғни көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және 347-бабы яғни жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу мен 119-баптың 1-бөлігі яғни қауiптi жағдайда қалдыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өз мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031724-eki-adamnyn-denesi-men-besik-arbadagy-nareste-olardy-qagyp-ketken-kolik-zurgizusisi-ustaldy/

pixel