Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үсті-басы қан": Алматы облысында жұмыс орнында көз жұмған мейірбике туралы тың дерек шықты

Опубликовано:

Бейнебақылау камерасы
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған қайғылы оқиға. Кадрдан үзінді: astana.tv

Қайтыс болған мейірбикенің әріптестері Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханада болған қылмыс туралы тың дерек айтты. Олардың сөзінше, күдікті ер адам 45 жастағы әйелді жұмыс орнында пышақтап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

"Кіріп келе жатқанда екі қолы мен үсті-басы қан ер адам тура менің алдымнан шықты. Ішке кірдім, жан дауысы шықты 2 қабаттан, реаниматологқа айттым: "жүгір 2 қабатқа бір нәрсе болып жатыр" дедім. Бұл жерге екінің бірі кіре бермейді. Бұл кісі екінші қабатқа барған, ол кісі ар жақтан өзі шыққан, мейірбике. Өйткені кездескен жерлері баспалдақ болып тұр. Әйтпесе ол қайдан тауып кіреді", - дейді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары Индира Қабаева.

Мейірбике кеуде қуысының жарақаттарымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол ота үстінде қайтыс болды.

"Сол жағы көбірек жарақаттанғандықтан, сол жақ өкпе іш құрлысының органдары, үлкен артериялардың зақымдануына байланысты көп мөлшерде қан кетіп қалған", - деп түсіндірді Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Еркін Зульфикаров.

Марқұмның әріптестері мейірбике күдіктімен таныс болған деп ойлайды. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оны медициналық мекеменің аумағында гүл шоғымен көргендер бар.

Телеарна мәліметінше, мейірбике 11 жыл бойы перзентханада қызмет еткен.

Аталған дерек кісі өлтіру бабы бойынша аудандық полицияда тіркелді.

"Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деді облыстық полиция департаментінің өкілі Ернар Сайділдин.

Телеарна ақпаратынша, марқұм Каскелең қаласында тұрған, артында 2 қызы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031778-usti-basy-qan-almaty-oblysynda-zumys-ornynda-koz-zumgan-meiirbike-turaly-tyn-derek-syqty/

pixel