Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті: 2 жасар бала көз жұмды (фото)

Жарияланған күні:

Павлодар облысында үй өртенді
Береговое ауылындағы өртеніп кеткен үй. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысы Береговое ауылындағы өртте 2 жасар қыз бала қаза тауып, 4 жасар баланы күйік шалды. Барлығы — бір көпбалалы отбасының мүшесі, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Береговое ауылындағы өрт туралы хабар 9 тамыз күні сағат 10.29-да келіп түскен. 80 шаршы метр жеке тұрғын үй толығымен жанып кетті. Оқиға орнына 8 өрт сөндіруші мен 2 автоцистерна жөнелтілген болатын.

"Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шекті. Баланы 1-2 дәрежелі термиялық күйік шалды. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. 2021 жылы туған қыз бала қаза тапты. Балалардың анасы аулада киім жуып жатқан. Отбасы көпбалалы, сегізінші баласының дүниеге келуін күтіп жүр", - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Павлодар облысында үй өртенді
Береговое ауылындағы өртеніп кеткен үй. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Белгілі болғандай, үлкендер зардап шеккен баланы өз күштерімен үйден алып шығып үлгерген. Өрт шамамен 2 сағаттан кейін ғана сөндірілді. Үйдің не себепті өртенгені анықталып жатыр.

Өрт кезінде не істеу керек

Egov.kz порталы өрт кезінде бөлмеде, көпқабатты үйде, адамдар көп жерде не істеу керетігі тұрғысынан нұсқаулық ұсынды:

  • егер өрт кішігірім ғана болса, барлық қолжетімді құралдармен өртті өзіңіз сөндіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, қалың шүберекпен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен және т.б.;
  • сым жанып жатса, арнайы қалқандағы қуат көзін өшіріңіз;
  • өрт шыққаны туралы көршілеріңізге немесе кеңседе болсаңыз, басқа қызметкерлерге дереу хабарлап, эвакуациялауды бастаңыз;
  • электр жабдығын өшіріңіз;
  • мүмкін болса, бөлмеден есікті жауып шығыңыз;
  • балалар мен қарт адамдардың сыртқа шығуына көмектесіңіз;
  • кіре берісте немесе дәлізде түтін болған кезде, сыртқа еңбектеп шығыңыз;
  • қауіпсіз жерге шығыңыз;
  • үй-жайдан баспалдақпен шығу мүмкін болмаса, түтін кірмейтіндей сыртқы есікті ішінен дымқыл шүберекпен жабыңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;
  • терезелерді және есіктерді жабыңыз, бұл өрттің азынаған желден өршіп кетпеуінің алдын алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031850-pavlodar-oblysynda-kopbalaly-otbasynyn-uii-ortenip-ketti-2-zasar-bala-koz-zumdy-foto/