Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта пәтер терезесінен құлап кеткен үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Терезе
Терезенің қасында отырған бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

9 тамыз күні Балқашта оқыс оқиға болды - үш жасар қыз тұрғын үйдегі төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Медицина қызметкерлері баланың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы eKaraganda порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, қыз ауруханаға ауыр жағдайда түскен.

"Бала дереу операция бөліміне жеткізілді, онда бірқатар тексеру жүргізілді, лапороскопия, бас сүйегінің, өкпенің, мойын аймағының, кеуде омыртқасының компьютерлік томографиясы жасалды.

Қазір баланың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық шара қабылдануда. Омыртқа жағынан қабырғасының сынуы, бас миының жарақаты анықталды. Науқасты нейрохирург пен педиатр қарады", - делінген басқарманың хабарламасында.

Басылым ақпаратынша, бірқатар тексерулерден кейін қыз жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазір бүлдіршін жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен тыныс алуда, медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның көптеген жері сынған. Қыздың жағдайы әлі ауыр деп бағалануда.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінде оқиғаның мән-жайы туралы айтты. Полицейлер мәліметінше, 3 жасар қыз ересектердің қарауынсыз қалып, бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтердің терезесіне мініп, құлап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032050-balqasta-pater-terezesinen-qulap-ketken-us-zasar-qyz-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel