jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Атыс пен айғай естіліп жатты": Ақтаудағы түнгі жанжал видеоға түсіп қалды (видео)

    Ақтаудағы құқық бұзушылық
    Ақтаудағы құқық бұзушылық. Кадрдан үзінді: lada.kz

    Ақтаудың 16-ықшамауданында түсірілген ерекше кортеж видеоға түсіп қалды. Видеодан атыс пен айғайдың дыбыстарын естуге болады. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желіде бүгін, 11 тамызда бірнеше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктен құрылған кортеждің видеосы пайда болды.

    Басылым мәліметінше, видеода атыс пен айғай анық естіледі. Бейнежазбадан жолаушылар көлік терезесінен қалай басы мен денесін толықтай шығарып алып, кетіп бара жатқанын көруге болады.

    Куәгерлердің сөзінше, бұл жайт тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Ақтау қаласының 16-ықшамауданында болған. Түнгі заңсыздыққа қатысушыларды арнайы жасақ ұстаған.

    Басылым бұған қатысты сауал жіберіп, ресми органның жауабын күтуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.