Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Мәшһүр Жүсіптің туыстары жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Фото: t.me/kerekpv

10 тамыз күні Павлодар облысындағы Жаңажол-Екібастұз тас жолында болған жол апатынан қазақтың ақыны, ойшылы Мәшһүр Жүсіптің туыстары қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Павлодар облысы ПД мәліметінше, жол апаты 10 тамыз күні сағат 15:47-де болған. Жаңажол-Екібастұз тас жолында ВАЗ-2110 мен Lada Priora көліктері соқтығысған.

Салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жолаушылары - 53 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Төрт адам зардап шекті: ВАЗ-2110 көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 2015 жылы туған кәмелетке толмаған жолаушы, сонымен қатар 31 жастағы Lada Priora жүргізушісі мен онда отырған 1998 жылы туған жолаушы. Олар Екібастұз ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды, сараптамалар тағайындалды.

Ал Жаңажол ауылдық округінің әкімдігі қаза тапқандар қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіптің туыстары екенін мәлім етті.

"Оқиға кеше болды. Марқұм Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының тумасы. Ол Мәшһүр Жүсіптің немересінің үлкен ағасының баласы, яғни Мәшһүр Жүсіптің шөбересі", - деп түсіндірді Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Сәбит Кенжалин.

Сондай-ақ ол марқұм әйелдің де, жарақат алған 7 жасар бала да Мәшһүр Жүсіптің туысы екенін атап өтті. Отбасы 11 және 12 тамызда өтетін қазақтың ұлы ақынының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекеге дайындыққа атсалысуға барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032145-aigili-mashur-zusiptin-tuystary-zol-apatynan-koz-zumdy/

pixel