Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында балаларын ұрып-соқты деген ана жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

балалар
Балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Покровка ауылының тұрғындары ауылдасына шағым түсіріп, оны өз балаларын аяусыз ұрып-соғады деп айыптады. Бұл туралы zakon.kz басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, балалардың өзі де анасы мас күйінде күніне бірнеше рет ұрып-соғатынын жеткізген. Қыз және ұл бала тіпті денесіндегі көгерген және құлақ тұсының жырылған жерлерін көрсеткен. Ал балалардың үлкені басылымға үйден қашып кеткісі келетінін мәлім еткен.

Аталған жайтқа Іле ауданының білім бөлімі пікір білдірді.

"Әйелді Іле ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Балалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді", - делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Қазіргі таңда әйелді ана құқығынан айыру туралы мәселе қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032182-almaty-oblysynda-balalaryn-uryp-soqty-degen-ana-zauapkersilikke-tartyldy/

pixel