Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзі ұнамаған": танысының басын балтамен ұрған павлодарлық тұрғынға сот үкім шығарды

Опубликовано:

Балта
Балта. Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында 37 жастағы ер адам танысымен сөзге келіп, оны басынан балтамен ұрып жіберген. Павлодардың №2 соты айыпталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ер адамдар арасындағы жанжал 2023 жылғы мамыр айында таңғы сағат 5-те болған. Екеуі бірге спирттік ішімдік ішіп, артынша сөз таластыра бастаған. Ақыры танысының сөзін ұнатпаған 37 жастағы ер адам оның басынан балтамен ұрып жіберген.

"Қаракөл ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің верандасында балтамен қаруланып, жанжалды одан әрі жалғастыру мақсатында, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді көздейтін қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, алдын ала дайындалған балтаны оң қолына алып, оны қылмыс қаруы ретінде пайдаланып, күшін жинақтай отырып, балтаның доғал бөлігімен өмірлік маңызды органға – жәбірленушінің басынан бір рет соққы жасаған, салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған", – деп көрсетілген Павлодар қаласының №2 сотының үкімінде.

Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегуші жабық бассүйек-ми жарақатын алып, бас миы шетке және төмен ығысып кеткен.

Сотта 37 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, сот оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Айта кетсек, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032371-sozi-unamagan-tanysynyn-basyn-baltamen-urgan-pavlodarlyq-turgynga-sot-ukim-sygardy/

pixel