Ақмола облысындағы жол апатынан бір отбасы ажал құшты
Жарияланған күні:
Ақмола облысында бензин тасығыш жүк көлігімен болған жол апаты салдарынан бір отбасы ажал құшты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы хабарлады.
Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығыш көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
"Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032374-aqmola-oblysyndagy-zol-apatynan-bir-otbasy-azal-qusty/