Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда егде жастағы әйел лифт шахтасына құлап мерт болды

Опубликовано:

жеделсаты
Лифт. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркістан қаласында 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап көз жұмды. Оқыс оқиға 13 тамыз күні сағат 18.00 шамасында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Түркістан қаласы Жаңа қала шағынауданындағы көпқабатты тұрғынүйдің лифт шахтасына 74 жастағы әйел құлап мерт болды. Бейресми деректерге сүйенсек, лифт есігін ашып кіргенде бірден шахтаға құлап кеткен көрінеді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі мертіккен әйелді ауруханаға жеткізген. 1949 жылы туған әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған.  

"1949 жылы туған науқас жедел жәрдем көмегімен 13 тамыз күні сағат 18:15 уақытта Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бекетіне келіп түсті. Келген кездегі науқастың жалпы жағдайы өте ауыр болған. Кезекші реаниматолог, хирург, травматолог, кардиолог дәрігерлері қарап жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда науқастың жағдайы күрт төмендеді. Өкпе-жүрек реанимациясы жасалынып, 50 минут шамасындағы алғашқы өкпе-жүрек реанимациясы өз нәтижесін бермеді. 18:40 клиникалық өлім тіркелді. 19:30 биологиялық өлім тіркелді”,- деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға болған үйдің лифтінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бұл туралы тұрғындарға алдын ала хабарланған екен. "Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде",- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032405-turkistanda-egde-zastagy-aiel-lift-saxtasyna-qulap-mert-boldy/

pixel