Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жедел жәрдем
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында тоққа түскен ер адам тіл тартпай кетті. Қайғылы жағдай 11 тамызда су сорғышты жөндеу кезінде болған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Целиноград ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен ауылдардың біріндегі үйде ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1988 жылғы ауыл тұрғынының су сорғышты жөндеу кезінде тоқ соғудан қайтыс болғанын анықтады. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда үш адамды тоқ соғып, екеуі жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік.

Зардап шеккендердің бірінің денесін екі пайыз, 21, 22 жастағы екі жігіттің денесін 30 және 40 пайыз күйік шалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032434-aqmola-oblysynda-er-adam-toqqa-tusip-koz-zumdy/