Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда үш адамды тоқ соғып, екеуі жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Оқиға орнына келген жедел жәрдем
Оқиға орны. Фото: Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Павлодарда ағаш кесіп жатқан кезде үш адамды тоқ соғып, олардың екеуі жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға туралы хабарлама бүгін таңғы сағат 9.30 шамасында келіп түскен.

Белгілі болғандай, ағаштарды кесіп жатқанда ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлап кеткен.

"Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиіп кетіп, салдарынан үш адам электр тоғынан жарақат алып, олар ауруханаға жеткізілді", - деп хабардар етті Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, зардап шеккен үш адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккендердің бірінің денесін екі пайыз, 21, 22 жастағы екі жігіттің денесін 30 және 40 пайыз күйік шалған. Олар жансақтау бөліміне жатқызылған, қазір жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027501-pavlodarda-us-adamdy-toq-soqty-ekeui-zansaqtau-boliminde-zatyr/

pixel