Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Instagram / @abai_department_police

14 тамыз күні таңертең Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жолаушылар автобусымен соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмған. Бұл туралы Абай облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

"14.08.2023 жылы сағат 05.38 шамасында Toyota Land Cruiser маркалы көліктің жүргізушісі "Таскескен-Бақты" тас жолынан 200 метр қашықтықта Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl маркалы жолаушылар автобусымен соқтығысты", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жол-көлік апаты салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал жолаушылар автобусының жүргізушісі Үржар аудандық ауруханасының медициналық мекемесіне жатқызылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын тудыруы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деп атап өтілді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032452-abai-oblysynda-zantursigerlik-zol-apaty-bolyp-bir-adam-koz-zumdy/

pixel