Талдықорғандағы авиациялық базада екі әскери қызметші жарақат алып, бірі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Талдықорған авиациялық базасында екі әскери қызметші жарақат алып, бірі көз жұмды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға бүгін Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау уақытында оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі кезінде болған.
Салдарынан екі әскери қызметші зардап шегіп, олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Министрліктің хабарлауынша, екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
"Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032574-taldyqorgan-aviaciyalyq-bazasynda-eki-askeri-qyzmetsi-zaraqat-alyp-biri-qaitys-boldy/